{metadescription}
Астананың бас мұғалімі  ата-аналарға кітап сатып алмауға кеңес берді
Астананың бас мұғалімі  ата-аналарға кітап сатып алмауға кеңес берді

Астананың бас мұғалімі ата-аналарға кітап сатып алмауға кеңес берді

Астанадағы кітап дүкендері жаңа оқу жылы алдындағы қомақты табыстан қағылуы мүмкін. Елордалық шенеуніктер қыркүйекке дейін мектептерді оқулықпен түгел қамтамасыз етпек. Яғни, шенеуніктер биыл кітап дүкендерінің алдында жылдағыдай ұзын-сонар кезек, талас-тартыс болмайды деп уәде беріп отыр. Сондай-ақ, әзірге елордалық оқушылар бірыңғай мектеп формасына да көшпейді. Өйткені, ұл-қызын бірдей киіндіруге бүкіл ата-ана дайын емес екен. 

Әдетте, жыл сайын тамыз айынан бастап Астанадағы  кітап дүкендерінің алдында дүрбелең басталады. Ұл-қызын жаңа оқу жылына дайындау үшін жанталасқан ата-аналар тура бала сынды оқулыққа таласып,  жаға жыртысуға дейін баратын. Есесіне Елордадағы кітап дүкендерінің дәуірі жүріп, саудасы қызатын еді. Биыл кәсіпкерлер маусымдық қомақты табыстан қағылғалы тұр. Өйткені,  шенеуніктер ұзын-сонар кезектің алдын алуға ерте кірісіпті. Қалалық Білім басқармасындағылар қазірдің өзінде ата-аналардың бір де бір кітап сатып алмауын ескертуде.

Қасымхан Сенғазиев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:

-Оқулықтар Астана қаласы бойынша 100 пайыз қамтамасыз етілді. Қазір бүкіл баспалар ол оқулықтарды басып шығарды. 10-шы тамызға дейін қалаға бүкіл оқулықтар жеткізілетін болады. 10-шы тамыздан бастап барлық мектептерде сынып жетекшілері арқылы мектептерде  оқулықтардың барлығы таратылатын болады. Уақыттарын кетіріп, магазиндерге барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ.

Егер ұстаздар «кітап жоқ» дейтін болса, ата-аналар тікелей Білім басқармасының басшысына хабарласып, шағымдана алады. Қасымхан Сенғазиев: «өзім жауап беремін» деп отыр. Бірақ, әр пәнге қосымша жүретін материалдар мен арнайы дәптерлерді үлкендердің өздері сатып алуы тиіс. Сондай-ақ, биыл астаналық оқушылар біріңғай мектеп формасына көшпейтін болды. Ал, Елордада 75 мектепке форма кию міндеттелген. Әр оқу орнының өз стилі бар.

Қасымхан Сенғазиев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:

-Біз бұл сұрақты ата-аналармен ақылдасып, әлі талқылаймыз. Кеңес құрылады, үлкендермен өзім жеке кездесу өткіземін. Сондықтан биыл Астанадағы мектептер біріңғай формаға көшпейді. Ата-аналар толық дайын болғанда ғана оқушылар бірдей киім киеді.

Өйткені, жылда ата-аналар үшін мектеп формасын іздеп табу да мұң. Жаңа оқу жылы басталғанда оқушылардың киіміне талас басталады. Ал, әр форманың құны 20 мың теңгегеден асады екен. Бірақ, Білім басқармасындағылар балалардың киіміне мүлдем жауапты емеспіз деп отыр.

Шенеуніктер тек мектеп формасына қатысты нақты талаптарды бекітіп берген. Ол классикалық стильде және тым ашық түсті болмауы қажет. Білім ордаларында хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге тыйым салынады. Ал, кітапқа келсек, оқулық тек Астана қаласында жеткілікті. Өзге өңірлер әзірге үнсіз. Соған қарағанда аймақтарда жылдағыдай кітап тапшылығы қайталануы әбден мүмкін. Айта кету керек, сонымен қатыр, биыл Астанада бірінші сыныптар бескүндік оқу жүйесіне көшеді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 желтоқсан

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде