{metadescription}
Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған қару сататын қос дүкеннің иесіне айыппұл салынды
Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған қару сататын қос дүкеннің иесіне айыппұл салынды

Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған қару сататын қос дүкеннің иесіне айыппұл салынды

Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған қару сататын қос дүкеннің қожайындары әкімшілік жазаға тартылды. Оларға әзірге 42 мың теңгеден айыппұл салынған.

Дегенмен, «Паллада» дүкенінің иесі ақша төлеп құтылмайтынан айтады прокурорлар. Өйткені, содырлар қолында кеткен қару соларға тиесілі екен. Сауда орнында мылтықтар дұрыс сақталмаған. Сөреде оқ дәрімен жарақталған тапаншалар мен мылтықтар ашық тұрыпты. Тіпті, кез-келген адам ұстап көріп, дүкеншіден тартып алуға мүмкіндігі болды деген сөз. Енді сол үшін «Палладаның» иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетелік, 5-ші маусым күні осы дүкенге кірген бойда содырлар дүкеншіні атып өлтірген болатын. Ал кассир қыз стол астына жасырынып, дабыл тетігін басып үлгерген. Сондай-ақ дүкен маңында көлігінде отырған зейнеткер де оққа ұшқан еді.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма басшысы:

-Қару-жарақтың тиісті түрде сақталмағаны жөнінде оған тиесілі пломба дейді, басқа да оның қауіпсіздігінің қамтамасыз ету үшін басқа адамдар қол жеткізіп алмаудың талаптары орындалмаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.