Қарағандыда сүттен күйдірі тарап жатыр деп елді дүрліктірген келіншек жазадан құтылды
Қарағандыда сүт өнімдерінен күйдіргі дерті тарап жатыр деп жалған ақпарат таратқан адам ұсталды. Ватсап желісі арқылы елді дүрліктірген келіншек енді жаздым жаңылдым деп кешірім сұрап отыр.
Автор: Саят Сабдалы
27.07.2016
Жалған ақпаратты майын тамыза таратқан Анастасия Шелупанова деген мына азаматша. Ол жергілікті сүт фермасының өнімдерінен күйдіргі тарап жатыр, осы кеселмен ауруханаға түскендер де көп деп соққан. Мұны таныс дәрігерден естідім деп те нақтылапты. Қара аспанды төндірген аудиофаил лезде Қазақстан былай тұрсын шет елдерге дейін тарады. Сүт фабрикасы полицияға арыз түсіріп, қауесет таратушының кім екенін айтқанға 1 миллион теңге сыйақы тағайындаған. Нәтижесі көп күттірмей Қарағанды тұрғыны Анастасия Шелупанованың қолына кісен салынды. Дегенмен өсекті ойдан шығарғанын айтып еңірегесін, фабрика қожайыны оны кешіріпті. Осының арқасында ғана аңдамай сөйлеген келіншек қылмыстық жазадан құтылып отыр.
Ерлан Әшімов , сүт зауытының бас директоры:
-Әйел адам екен жолдасы бар қасында адвокаты бар бірге келді. Сосын енді жәй қарапайым адам сол кішкене ақымақтықпен ба , ойланбастан ба жасаған бір шаруа бопты. Сосын біз кешірейік деп шешім қабылдадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!