{metadescription}
Оралда газ бағасы тағы қымбаттап кетті
Оралда газ бағасы тағы қымбаттап кетті

Оралда газ бағасы тағы қымбаттап кетті

Оралда көгілдір отын ақыры қымбаттап тынды. Және анау-мынау емес, екі есеге. Бірнеше айдан бері тапшылықтан құтыла алмаған өңірдің тұрғындары, соңғы үш аптада тіпті сұйытылған газ таппай сандалған. Жүргізушілер мұның арты міндетті түрде қымбатшылыққа алып келетінін түсінгенімен, бағаның дәл осылай шарықтайтынын күтпегені анық. Ал монополистердің ығына жығылған жергілікті биліктің қашанғыдай жауабы дайын. Яғни газ құнының көтерілуі көтерме бағаның қымбаттауымен байланысты екен.  

Бір айға созылған газ тапшылығы Оралдық жүргізушілердің жүйкесін жұқартқан. Себебі сұйық отын іздеп сандалғандар күн сайын ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр. Өйткені көлікке құятын көгілдір отын бәріне бірдей жетпей жатыр. Жергілікті билік, бұл түйткілді көпшілік күткендей, ақыры бағаны көтерумен шешті. Тек бұл жолы 5-10 теңге емес, екі есеге шарықтап шыға келген.

Демеу Қабылов, көлік жүргізушісі:

-Бізде газ қымбат Оралда. Ана жақта 75 -тен беріп жатыр, 70-тен бар. Газ жетпейді. Күніне 2-3 сағаттан кезекте тұрамыз. Не үшін болып жатыр ешкім түсіндірмейді.

Қалада сұйтылған отынды 39 теңгеден сататын үш орталық бар. Бірақ олардың өзі газды тек талон арқылы беріп жатыр. Ал басқа бекеттерде баға әртүрлі. Яғни кейбір кәсіпкерлер газ тапшылығы мен қымбатшылықты пайдаланып, сұйық отынның литрін 75 теңгеден сатуға кіріскен.  

Самат Ақаев, жанармай бекетінің директоры:

-Бұған дейін 60 теңгеден сатқанбыз. Алайда газдың көтерме бағасы қымбаттап кетті. Сондықтан шығынға батпас үшін біз де бағаны өсіруге мәжбүр болдық.

Ал атқамінерлер өңірдегі газ тапшылығын шешіп жатырмыз дейді. Қалай шешкендері бекеттердегі бағадан-ақ көрініп тұр. Енді екі есеге көтерілген газ құнын қайта реттеуге құзыретіміз жоқ дейді шенеуніктер.

Ғалым Орынғалиев, Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының басшысы:

-Жекеменшік жанармай бекеттері мен жеке кәсіпкерлер газды еркін бағамен сатуға құқылы. Сондықтан біз оған араласа алмаймыз.

Көгілдір отынның көтерме бағасы осыдан екі күн бұрын қымбаттаған. Яғни сұйық отынның бір тоннасы бұрын 11 мың теңге болса, қазір ол 23 мың теңгеден сатылуда. Сондықтан газға тәуелді көлік иелеріне енді осы бағаға көнбеске амал жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.