{metadescription}
0:000:00
Алматыдағы атыстан соң есін бірінші боп жиған полицей аман-есен ауруханадан шығарылды

Алматыдағы атыстан соң есін бірінші боп жиған полицей аман-есен ауруханадан шығарылды

Кеудесіне оқ тиіп жараланған Ұлан Қабылов өзін он күннен бері көрмеген бала-шағасын құшақтап, мауқын басты. Аяқтан тұрып, жүре алғанымен, тәртіп сақшысы әлі де біраз ем қабылдауы тиіс. Дегенмен, бір ажалдан аман қалған Қабылов келесі айдан бастап қызметіме қайта кірісемін деп отыр.

Жанардан асқан бақытты бүгін әйел жоқ. Күйеуінің тірі қалғанына қуанып, асты-үстіне түсіп жүр. Ұлан да келіншегінің көңіліне қарап, күлімдеуге тырысқан. Дегенмен, қаруластарының қазасы қабырғасын қайыстырғаны көрініп тұр.   

Ұлан Қабылов, Алматы қалалық ІІД ЖПБ взвод командирі:

Қызметкерлердің жанұясына көңіл айтамын. Және де осы емханада ем қабылдап жатқан қызметкерлеріме де аман есен менің жолымды беріп, айығып жанұясына оралсын!

Бірінші сөзін әріптестері жайлы айтып бастаған командир бір апта бойы өмір үшін күресті. Лаңкес оның кеудесіне оқ атқан.    

Нұрғали Әуелов, хирург:

-Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Науқас шок жағдайында түсті. Жедел түрде операция жасалып іш құрылысына, жарақаты тігіліп, қаны тоқтатылып, бәрі жақсы өтті. Тез көмектесуге тырыстық.

Ұланның ағзасы мықты болып шықты дейді дәрігерлер. Дегенмен, әлі де бірталай ем керек. Оны үйге жіберуге ақ халаттылар бірауыздан шешім қабылдапты. Мұны естуі мұң екен, жары жанынан бір елі ұзамай, ауруханадан шыққанша қол ұстасып жүрді.         

Жанар Райымбекова, Ұлан Қабыловтың жары:

-Бәріміз есеңгіреп қалдық.Менің басымнан өткенді ешқандай әйелге салмасын. Азаматымды құдай сақтады. Бүгін үйге қайтамыз. Бес баламыз бізді асыға тосып отыр.

Қандықол қылмыскермен қақтығыста қашпаған Қабыловты жора-жолдастары аурухана аузынан күтіп алды. Құшақтасып, мауқын басты. Одан соң полицей өзін он күннен бері көрмеген 4 бірдей ұлы мен кішкентай қызына асықты. Қалалық ауруханада жаралы әлі төрт адам бар. Үшеуі әлі де ауыр жағдайда, ал біреуінің халі орташа. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде