Алматыда трамвай тоқтары жаппай алынып жатыр
Шойын жолмен жүрген қоғамдық көлік түрін қала билігі қайтадан іске қосылпайтын болып нақты шешкен сыңайлы.
Автор: Олжас Байжан
29.07.2016
Сондықтан, көше бойындағы тоқ сымдары түгел шешіліп жатыр. Бірақ рельстерге әзірге ешкім тиісе қойған жоқ. Қалалық әкімдік те бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Трамвай депосының аумағында да тірі жан жоқ. Ал шойын жолдардың бойында шөп өсіп кеткен. Естеріңізге салсақ, былтыр қазан айынан бастап трамвайдың жүруіне уақытша тыйым салынған болатын. Оған екі бірдей ірі жол апаты себеп болды. Екі жағдайда да техникалық ақаулыққа байланысты істен шыққан трамвай 14 жеңіл көліктің тас-талқанын шығарған. Осы оқиғалардан соң әбден ескірген трамвайлар қайта жаңартылады, желілері жөнделеді деп уақытша жабылған депо енді қайта іске қосылмайтын сыңайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!