{metadescription}
Түркия президентіне шабуыл жасамақ болған тағы 2 адам ұсталды
Түркия президентіне шабуыл жасамақ болған тағы 2 адам ұсталды

Түркия президентіне шабуыл жасамақ болған тағы 2 адам ұсталды

Олар Мармарис қаласындағы Ердоған демалып жатқан қонақ үйді басып алмақ болған. Бірақ Түркия басшысы ол жерден қашып шығыпты.

Ердоғанға шабуыл 15-ші шілде күні жасалған. Тура сол күні ел әскери төңкеріс жасалмақ болғаны мәлім. Ал бұл жолы ұсталған күдіктілер туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабар берген. Тәртіп сақшылары Мармарис қаласының маңайын таң атпастан тінткілеп, төбеден тікұшақпен қарап шығыпты. Қолға түскендердің екеуі де әскерилер екен. Осымен Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 11 адам ұсталып отыр. Сондай-ақ, аталған қалада осындай күдік туғызған тағы мың жарым әскери қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде