Бозымбаев Назарбаевқа мұнай өндірудің неліктен азайғанын түсіндірді
Бүгін Ақордаға шақыртылған Энергетика министрі жарнамасы жер жарған ірі кен орындарының болашағы туралы да айтты.
Автор: Ербол Сейілхан
02.08.2016
Сандарға толы Энергетика министрінің есебі оптимизмге де толы болатын. Бірақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай туралы сұрап еді, Қанат Бозымбаев кібіртіктеп барып «қара алтын» өндірудің аздап кемігенін мойындады. 5 айда 39 миллион тонна мұнай өндірілген екен. Енді жыл соңына дейін 75 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Министр мұнай өндіру көлемінің қысқаруын әлемдік бағаның құлдырауымен түсіндірді. Ал президент жыл соңына дейін жұмыс істеуінен тұруы көп болған Қашағанды толық қуатына көшіруді тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!