{metadescription}
0:000:00
Алматыдағы атыс кезінде жараланып кейін ауруханада көз жұмған полицей туған жерінде жерленді

Алматыдағы атыс кезінде жараланып кейін ауруханада көз жұмған полицей туған жерінде жерленді

Алматыдағы атыс кезінде ауыр жарақат алғаннан кейін жарты ай бойы ес-түссіз жатып қайтыс болған полицей Мейрамбек Рахматуллаев туған жері Қазығұрт ауданында жерленді. Үйленгеніне апта толмастан Алматыдағы жұмысына аттанған ол тағы 20 күн өтпей жатып мырыш табытпен Оңтүстік Қазақстанға жеткізілді. Қызметтік борышын өтеп жүріп, бақилық болған Мейрамбекті ақтық сапарға туыс, дос жарандарымен бірге Оңтүстік пен Алматы басшылары да келді.

Қатарластарының алды, ауылдың мақтанышы атанып, көптің батасын алып жүрген Мейрамбекпен туыстары қоштасып жатыр. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасқанына енді айдан асқан ол шілденің 10-ы күні ғана шаңырақ көтерген екен. Үш күннен соң Алматыдағы жұмысына кеткен еді. Артынша ауыр жараланғанын естіген туыстарына тағы екі жұмадан соң қаралы хабар жетті.

Нұрділдә Танағұлов, марқұмның әкесі:

-Осы биыл ғана бітіріп еді Ақтөбедегі оқу орнын.  Жақында үйлендіріп едім. Үйлендіріп, 13-і күні үйден шығып, жұмысына барған. 4 күннен кейін осындай жағдайға ұшырап қалды.

Шілденің 18-і күні Алматыда Руслан Күлікбаев қарулы шабуыл жасаған кезде Мейрамбек Рахматуллаев ішкі істер бөлімінде кезекшілікте тұрған. Баса-көктеп кірген бұзақыны тоқтатпақ болған кезінде Күлікбаев полицейге қолындағы қарумен оқ атқан. 24 жастағы жігіт содан бері ес-түссіз жатып, мерт болды. Енді лаңкестің шабуылынан қаза тапқандардың саны 8 адамға жетіп отыр. Арасында лейтенант Мейрамбек Рахматуллаев та бар.

Мұхит Сыдықов, полиция капитаны:

- Ол  Алмалы ауданының қабылдау-өткізу пунктінде күзетіп тұрған еді. Сол кезде басынан бір оқ тиген. Ауруханада 14 күндей жатып, 1-і күні түнгі сағат 2-лерде дүниеден өтті.

Мейрамбек Рахматуллаев еңбек жолын Алматы қаласындағы Алмалы ауданында учаскелік инспектор болып бастаған. Артында әпкесі мен інісі және аяғы ауыр жары Әйгерім қалды. Мейрамбектің денесі өзі туып өскен Қарабастау ауылына қойылды. Ал, көңіл айтып келген Алматылық шенеуніктер марқұмның отбасына 15 миллион теңге көлемінде көмек көрсетсе, облыстық бюджет тағы 5 миллион теңге беретін болды. Енді қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған боздақты мемлекеттік наградаға ұсыну туралы да мәселе қарастырылатын болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде