{metadescription}
Астанада 7 теңгеге қымбаттаған газ жүргізушілердің наразылығын тудырды
Астанада 7 теңгеге қымбаттаған газ жүргізушілердің наразылығын тудырды

Астанада 7 теңгеге қымбаттаған газ жүргізушілердің наразылығын тудырды

Газ қымбатшылығы Астанаға да жетті. Елордада  сұйытылған көгілдір отын  бір күннің ішінде шарықтап шыға келді. Сөйтіп, баға 43-тен 50 теңгеге бір-ақ көтерілген.

Жақыпбек, Астана қаласының тұрғыны:

-Таңертең келгенде 43 теңге болатын, енді міне, кеш батты 51 теңге. Газы ғана еді арзандау болған. Оны да енді көтеріп тастады, халық қайда барып жан бағады?

Мұны көрген көлік жүргізушілері аң-таң. Өйткені, сұйытылған газ – еліміздегі темір тұлпарға арналған ең арзан отын болатын. Газ құю бекеттері басшыларының айтуынша, біздегі зауыттар көтерме бағаны қымбаттатып жіберген көрінеді. Сондықтан, бекеттер де сұйық отынның құнын дереу өсіруге кіріскен. Ал  өткен жылы ескі бағамен алынған газ қоры  тура бүгін таусылыпты. Бірақ әзірге бас қалада газ тапшылығы байқалмайды. Айта кетейік, Ақтау мен Оралда сұйық газдың бағасы бірден екі есеге қымбаттаған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде