{metadescription}
Алматы облысында кемтар жанды алаяқтар алдап соққан
Алматы облысында кемтар жанды алаяқтар алдап соққан

Алматы облысында кемтар жанды алаяқтар алдап соққан

Еңбегі желінген кемтар жан! Алматы облысында сал ауруынан екі қолы істемей, бар шаруаны аяғымен атқаратын мүгедек жұмыс берушілерге оңбай алданғанын мәлімдеді. Александра Мизеринаны қос кәсіпкер бірінен соң бірі сан соқтырып кеткен екен. Яғни, оның аяғымен жасаған өнімдерін сатып, ақшасын қалталарына басыпты. Бірақ тапсырыс бергендердің де өз уәжі баршылық.

Қос қолы істемейтіндіктен, бар шаруаны аяғымен атқаратын Александраның әр қимылы инемен құдық қазғандай. Ол тіпті киім-кешекті кестелеп тігуді де үйреніп алған. Алайда оны бірде-бір жер жұмысқа қабылдамай келген еді. Тек, біздің эфирде көмек сұрағаннан кейін, мүгедек қыздың «аяғынан шыққан» өнімдерге қызығушылар көбейіпті. Солардың бірі Серікбек Бадавамов атты азамат.

Александра Мизерина:

- Ол өзін мүгедектерге арналған қайырымдылық қорының директорымын деп таныстырды. Сондықтан, құдайдай сендім. Сөйтіп, жұмысқа кірістік. Ол маған материалдарды әкеледі. Мен тапсырыстарды орындаймын. Бұл үшін ай сайын 60 мың төлеймін деді.

Яғни Александра мына мүсіндерді түрлі-түсті етіп бояуға кіріседі. Бірақ жұмыс берушіден бір тиын алмадым дейді. Осылайша, сал ауруына шалдыққан қыз 4 ай бойы тегін жұмыс істеп келген екен.

Осы кезде ауру қызға екінші ұсыныс түсе кетіпті. Өзін Әсем деп таныстырған кәсіпкер Сашаға балалар киімін тіккізеді. Бір рет алаяқтың арбауына түссем де, өз еңбегіммен ақша табу үшін бірден келістім дейді мүгедек қыз. Сөйтіп, кемі 20 мыңға бағаланған әр өнімнің жарты ақшасын еңбекақы ретінде алмақ болыпты. Бірақ, бұл жолы да сан соғып қалып отыр. Екеуі де Александрамен ешқандай келісім-шарт жасамаған.

Василий Мизирин, Александраның ағасы:

– Бірінші жұмыс беруші барынша сендірді.

«Мен заңгермін, бәрін білемін. Мүмкіндігі шектеулілермен ешқандай келісім-шарт жасалмайды» - деді. Мен мұндай нәрселерді түсінбеймін, сондықтан сеніп қалдық қой.

Қазір олардың әрқайсысынан 200 мыңдай алажағым бар дейді Саша. Алайда, жұмыс берушінің екеуі де мұның бәрін жоққа шығарып, келісілген ақшаны дер кезінде төледік деп отыр. Тек тапсырманы аяғымен жұмыс істейтін қыздың өзі дұрыс атқармапты-мыс.
 

Серікбек Бадавамов, «Мир добрых людей» мүгедектер қайырымдылық қорының директоры:

- Александра Мизерина жала жауып отыр. Мен өмірімде ешқандай мүгедекті алдаған жоқпын. Өзім де мүмкіндігі шектеулі жанмын. Келісім-шартқа отыру үшін өзінің құжаттары дұрыс болмады. Қағаздары түгел емес. Бұл біздің кінә емес.

Ал онсыз да тағдыр тауқыметін тартып жүрген қыз олармен күресуге қауқарым жоқ дейді. Осы жағдайдан кейін жұмыс істеуден де әбден беті қайтып қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде