{metadescription}
Риода боксшылардың қарқыны жанкүйерлерді тәнті етті
Риода боксшылардың қарқыны жанкүйерлерді тәнті етті

Риода боксшылардың қарқыны жанкүйерлерді тәнті етті

Ақтөбеліктер Фархат Харкидің Рио олимпиадасындағы жеңісін тойлап жатыр.Ауыр атлетші кеше 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді қанжылаған болатын.

Қытайдан келген легионер Ақтөбенің атынан додаларға қатысып жүр. Сондықтан осы аймақтағы жұрттың тойлауының жөні бар. Фархат осыдан төрт жыл бұрын Лондондағы олимпиадаға да қатыспақ болған еді. Бірақ қытайлықтар қарсы шықты. Дегенмен, Қазанда өткен универсиадада рекорд жасап, алтын алды. Кейін бұл спортшымыз да допинг дауына ілігіп, ол жүлдесінен айырылып қалған-ды. Ол тұсау тек биыл ғана алынып, Риоға баруға мүмкіндік алды. Кешегі күні Бразилиядағы жазғы олипиада ойындарында үш боксшымыздың да жолы болды. Біржан Жақып намибиялықты жеңіп ширек финалға өтті. Ал Жәнібек Әлімханұлы 75 келіге дейінгі салмақта Біржанның жолын қайталады. Ал Азияның екі дүркін чемпионы Василий Левит қытайлық Юй Фенкайды техникалық нокаутпен ұтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде