{metadescription}
Астанада жөндеуге көңілі толмаған жұрт несие төлеуден бас тартты
Астанада жөндеуге көңілі толмаған жұрт несие төлеуден бас тартты

Астанада жөндеуге көңілі толмаған жұрт несие төлеуден бас тартты

Астанада тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу мемлекеттік бағдарламасы төңірегінде тағы үлкен дау  шықты! Себебі, жүздеген отбасының жөндеудің сапасына көңілі  толмай отыр. Ал  мердігер компаниялар кем-кетігін түзеуге асығар емес. Бұның зардабын  шала-шарпы жөндеу үшін несие төлеп отырған қарапайым халық тартуға мәжбүр.

Ескі баспаналары жөнделгенде тұрғындардың қуанышында шек болмапты. Енді сол қуаныштарының  ұзаққа созылмағанына қынжылады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша, яғни қазынаның миллиондарына жертөле, шатыр, подьез, шұрық-тесік құбырлар тегіс жаңаланған. Алайда шала-шарпы істелген шаруаның кесірінен шатырдан су сорғалап, пәтерлердің сылақтары түсіп, құбырлар жарылыпты. Бір қызығы, жөндеуге ақша бюджеттен бөлінгендіктен, тұрғындар оны 10 жылдың ішінде мемлекетке  қайтаруға міндеттелген. Жұмыс жөнді бітпесе де, сот орындаушылары несиені төлемеді деген желеумен қариялардың зейнетақысын бұғаттап тастапты. Бұған ашуланған бірнеше үйдің тұрғындары енді несие төлеуден мүлдем бас тартпақ ойда.

Павел Кочнев,  Астана қаласының тұрғыны: 

-Ақша алуға барсам, сізге  зейнетақы берілмейді дейді. Есімнен тана жаздадым. Сөйтсем, жөндеуге төлемеді деп, шотымды жауып тастапты. Мен не үшін төлеуім керек? Тесік шатыр үшін бе?  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде