Семейде Кавказ овчаркасын ұрып тастаған қос азамат анықталды
Ал осыдан он күн бұрын олардың әрекеті бейнеленген видео мен фотолар «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы тараған болатын. Оны көрген ғаламтор қолданушылары Дарын Қозыбаев пен Серікқазы Ысқақовтың қылығына жағаларын ұстаған еді. Енді, қолдарына сойыл алып итті өлімші етіп тепкілегендер жұрт алдында оның қапқанын айтып ақталуда.
Автор: Ұлан Нұрахмет
09.08.2016
Дарын Қозыбаев, Семей қаласының тұрғыны:
-Менде мынандай итке барып өзім тиіспеймін ғой. Өздеріңіз ойлаңыздаршы. Кім дәу иттің алдына барады. Қасымда балам болды. Баланың өмірінен иттің өмірі маңызды болса, өздеріңіз білесіздер.
Айтуларынша, дүкенен шығып келе жатқан сәтте көше кезіп жүрген ит 3 жастағы балаға тап берген екен. Оны құтқармақ болған мезетте қабаған төбет Дарын Қозыбаевтың жамбасын шайнап қолына жабысып үлгеріпті. Тіпті, азамат итке таланғандықтан ауруханада ем-дом қабылдап шығыпты. Ал ғаламтор қолданушыларының итті 15 адам соққан деген пікірлерін түбегейлі жоққа шығарып отыр. Соққының қатты болғаны соншалықты белсенділер итті тауып үйлеріне апарғанымен өліп қалған көрінеді. Енді олар желі арқылы қос азаматты жанурларға қатігездік жасау бабы бойынша жауапқа тарттыру үшін қол жинап жатыр екен. Ал жергілікті полиция қызыметкерлері қарғысымен қараусыз қалтырған иттің қожайынын іздестіріп жатыр. Егер ол табылған жағдайда бос жібергені үшін жауапқа тартпақ ниетте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!