Елімізде «Алтын белгімен»бітіргендер грантқа ілікпей қалды
Мақтаулы жастар жаппай сүрініп жатыр! Елімізде «Алтын белгі» иегерлерінің басым бөлігі мемлекеттік грантқа ілікпей қалды. Сөйтіп, білімділер бюджет есебінен тегін оқи алмайтын болды. Енді оларға ата-анасының ақшасына ақылы бөлімге түсуден басқа амал жоқ.
Автор: Ербол Сейілхан
09.08.2016
Бұл туралы грант бөлу үшін құрылған республикалық комиссияның отырысында айтылды. Негізі, бюджет есебінен тегін білім алуға 2 мыңға жуық «Алтын белгі» иегері үмітті болған. Бірақ ақылды қыз-жігіттердің көбі грант аз бөлінген заңгер, экономист сияқты мамандықтарды таңдапты. Сол себепті бәріне орын жетпей, бірінен соң бірі құлаған. Былтыр да 40-қа жуық «Алтын белгі» алған түлектер грант аз бөлінген оқуды таңдап, тегін оқудан қағылған еді. Алайда Білім министрлігі гранттан шет қалған үздіктерді университет есебінен ақысыз оқытуды жоспарлап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!