Батыста жарылыстан зардап шеккен жүргізуші көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар май бекетінде болған жарылыс кезінде зардап шеккен көлік жүргізушісі қайтыс болды. Ал екіншісінің, яғни бекет қызметкерінің жағдайы әлі де ауыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
09.08.2016
58 жастағы Василий Мищенко кеше кешкілік жантәсілім етті. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 75 пайызы күйіп қалған. Ал екінші зардап шеккен азаматтың денесінің 95 пайызы отқа оранған екен. Қазір ол арнайы аппарат арқылы дем алуда. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатырмыз дегенмен, әдетте адам денесінің 50 пайыздан астамы күйіп қалса, өкінішке қарай тірі қалуы екіталай деп отыр. Оқыс оқиға 4 тамыз күні Ақсай қаласынан шыға берісте болды. Әуелі бекеттегі қызметкерлер бөлмесі өртеніп, іле-шала сұйық отын құйылған екі цистерна жарылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!