Рио-де Жанейродағы олимпиаданың төртінші күні тағы да табысты болды
Ауыр атлет Карина Горичева үздік үштіктің қатарынан көрініп, қоржынымызды қола жүлдемен қомпайтты.
Автор: Диас Нұрақын
10.08.2016
Зілтемірші жұлқа көтеруде 111 келіні бағындырып екінші орын алған. Ал серпе жаттығуында 132 келіні басынан асырып тастады. Алайда одан кейінгі екі мүмкіндігінде қатарынан қателесті. Соған қарамастан жерлесімізге қола медаль бұйырып отыр. Ал Дмитрий Баландин суға жүзуден 200 метр қашықтықты үшінші болып аяқтады. Енді ол ақтық сында өнер көрсетеді. Осылайша төрт күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір күміс үш қола медальмен жалпы командалық есепте отызыншы орында тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!