БҚО-да жарылыстан зардап шеккен адам көз жұмды
Батыс Қазақстанда жанар-жағар май бекетінде болған жарылыстан қатты зардап шеккен екінші азамат та қайтыс болды. Бүгін түнде жантәсілім еткен оның денесінің 95 пайызы күйіп қалған еді.
10.08.2016
Ақсай қаласына кіреберістегі жекеменшік жанар-жағар май бекеті осыдан бірнеше күн бұрын отқа оранып, күлі көкке ұшқан еді. Әуелі сұйытылған отын құйылған екі бөшке өртеніп, кейін қызметкерлер бөлмесін де жалын шарпыған. Тәртіп сақшылары осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғаса да, әлі күнге дейін оның нақты себептері айтылар емес. Айта кетейік, жарылыстан кейін ауруханада естерін жинамастан қайтыс болған екі адам Қарақұдық ауылдық аймағы әкімінің көлік жүргізушісі мен жанармай бекетінің қызметкері болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!