{metadescription}
Елімізде он мыңдаған түлек тегін оқудан қағылды
Елімізде он мыңдаған түлек тегін оқудан қағылды

Елімізде он мыңдаған түлек тегін оқудан қағылды

Түнде Білім министрлігі университеттерде грантпен оқитындардың тізімін жариялады. Республикалық комиссия тест қортындысын ғана емес, үміткерлердің олимпиадалардағы жеңісіне дейін жіті мән берген. Алайда, көп мақталған «Алтын белгінің» иегерлерінің көбі  сыннан өте алмай жаппай құлады.

Таңнан бері университеттердің алды қобалжыған түлектерге толы. Тізімнен аты-жөндерін көрген қыз-жігіттер қуанып жатса, тегін оқуға  ілікпегендердің көңіл-күйі түскен. Ел бойынша, арман болған мемлекеттік грантқа 30 мыңға жуық қыз-жігіт қол жеткізіп отыр. Енді олар кез-келген университетке барып мемлекет есебінен оқи алады. Осы кезде екі мыңға тарта «Алтын белгі» иегерінің 45-і сынақтан құлап қалған. Биыл Білім министрлігі шетелдегі қандастарымыздың балаларына да бағын сынап көруге мүмкіндік берген. Соның арқасында Өзбекстанда тұратын азамат грант жеңіп алды. 

Ерсейіт  Хосетов, түлек (Өзбекстан)

-  Кеше интернеттен қарадым. Тізімде аты-жөнім болғанымен іштей сенбедім. Бүгін газетті алып тағы тексердім. Грантқа түскен екенмін. Қуанышымды шек жоқ.

Бұл жолы грант техникалық мамандықтарға көбірек бөлінген. Өйткені, еңбек нарығы экономист пен заңгерге емес, инженер, металлургтерге зәру. Білім министрлігі тегін оқуға ілікпей қалған «Алтын белгі » иегерлеріне көп уайымдамауға кеңес береді. Өйткені, министрлік дарынды жастарды ректор грантына түсіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жоқ-жітік шаңырақтардың ұл-қыздарына ерекше басымдық беріледі.

Гүлзат Ізбасарқызы, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары:

-Иа, әрине жетім балалар бар.04-12 Жетім балалардың барлығы грант игерелері атанды.Мүгедектерді айтатын болсақ белгіленген квота бойынша грантка ие болды

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.