{metadescription}
Алматының  элиталық ықшамауданы қоғамдық көлікке зар боп отыр
Алматының  элиталық ықшамауданы қоғамдық көлікке зар боп отыр

Алматының элиталық ықшамауданы қоғамдық көлікке зар боп отыр

Бірақ, әрине, бар қиындықты сол қалталылармен көршілес тұратын қарапайым тұрғындар көруде. 2 айдан бері олардың күні бір автобусқа қарап қалған. Жұрт жалғыз қатынас құралына міну үшін аялдамада сағаттап тұруға мәжбүр. Әсіресе, балабақша мен мектепке қатынау қиямет-қайым дейді жұрт.

Бұл – Бутаковка ықшамауданына қатынайтын жалғыз автобус. Оның өзімен жұрттың межелі жерге жетуден гөрі күтуі көп. Жаз басталғалы осы 29Р бағытының жүру аралығы 1 жарым сағатқа созылған. Яғни бұрын мұнда муниципалдық автобустың екеуі қатынайтын болса, қазір жұрт біреуіне қарап қалыпты.

Гүлжархан Қасымханова, Бутаковка ықшамауданының тұрғыны:

- Басқа ештеңені қаламаймыз тек бұрынғы кестені берсе бізге. Немерелерімізді бақшаға апарамыз, енді балаларымыз мектепке барады. Қиын.

Людмила Светличная, Бутаковка ықшамауданының тұрғыны:

- Міне, автобус сағат 10:25-те жүріп кетті. Енді, ол бұл жерге 11-ден 50 кеткенде ғана келеді. Автобус паркінің жаңа басшылары келіп, бәрін құртты. Қазір барлық жерге кешігіп жүретін болдық.

Әрине, бар тауқыметті мұндағы шетінен тізілген зәулім үйлердің тұрғындары емес, олардың қарапайым көршілері тартуда. Бұған дейін автобус тау етегіндегі ықшамауданға 45 минут сайын қатынаған екен. Оның өзі ұзақ болса да, тұрғындар көніп келген. Енді, міне, соған да зар болып отыр.

- Жағдай осылай жалғаса берсе, тұрғындардың қала орталығына қатынауы күз бен қыста тіптен қиындағалы тұр. Ал такси қызметтері биікте орналасқан ықшамауданға кіру үшін кемі мың теңге сұрайды екен. Таудан түсіп келе жатқан қымбат көліктер де, тоқтатқан адамды пысқырмай, зу етіп өте шығады.

Амалдың жоқтығынан бірнеше шақырым жаяу жүруге тура келеді. Ал енді бірі сағаттап аялдамада отырады екен. Дегенмен, автопарктегілер «29Р-ге» мінетін жолаушылар жоқтың қасы деп отыр. Адам аз болған соң, олар қоғамдық көліктің жүру аралығын ұзартуға мәжбүр болған.

Бауыржан Құлышев, «Green bus company» ЖШС директоры:

– Бутаковка тұрғындары бұл автобусқа тым аз мінеді. Жолаушылар саны бұрынғыдан 2 есеге азайып кетті. Әрі бұл шығыны көп автобус. Сондықтан жүргізушілер жоспардың жартысын да орындай алмай қалды.

Дегенмен, мұндағылар мәселені жақын арада шешіп береміз дейді. Яғни, қатынас құралының жүретін жолын азайтып, жүру аралығын жарты сағатқа қысқартпақ екен. Әрі мұнда енді муниципалдық емес, шағын автобус жіберілмек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде