{metadescription}
Алматыда өртенген базардың саудагерлері тағы бас көтерді
Алматыда өртенген базардың саудагерлері тағы бас көтерді

Алматыда өртенген базардың саудагерлері тағы бас көтерді

Алматыдағы өртеніп кеткен «Адем» сауда үйінің сатушылары енді тергеушілермен соттасып жатыр. Тілсіз жаудан зардап шеккен 45 кәсіпкер полицейлердің әрекетсіздігіне наразы.

Өйткені «Адем» өртенгелі бері бір жарым жылға жуық уақыт өтсе де, қылмыстық іс әлі сотқа жолданбаған. Сондықтан саудагерлер созбалаңға салынған істің жеделдетілуін талап етіп отыр. Тіпті кәсіпкерлер төтенше жағдайдың бұрмаланып жатқанын да айтуда. Яғни тергеушілер сауда орталығының бұрынғы басшылары мен нысанға өрт қойды деп күдіктелген әйелдің істерін жеке-жеке тергеп жатыр екен. Осылайша құзырлы орын бар кінәні есірткіге тәуелді бір азаматтың мойнына іле салмақшы дейді ашынған жұрт. Егер жағдай осылай өрбісе, шығынға батқандар тұтылып, «Адемнің» басшылары қылмыстық жауапкершілік пен миллиардтаған өтемақыдан құтылады екен.

Әбдімәлік Шалабаев, кәсіпкер:

- Полиция халықты қорғау үшін ғой. Ал олар бізге қарсы шығып жатыр. «Тыркова» деген нашақор  әйелді тауып алып, соның шамы тоқта қалып қойған деп отыр.Қазір Тыркова  жандырды деп шығарса олар сақтандыруды алады.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде