{metadescription}
Ақтөбе облысындағы Ор өзенінде балықтар мал тезегінен қырылған
Ақтөбе облысындағы Ор өзенінде балықтар мал тезегінен қырылған

Ақтөбе облысындағы Ор өзенінде балықтар мал тезегінен қырылған

Өйткені, жағадағы төрт түліктің қиы суға ағып, содан аммиак бөлінген көрінеді. Алайда зерттеу жүргізген балық шаруашылығы инспекциясының мұндай қортындысымен балықшылар келіспей отыр. Олар өзенді қара май басып, су жәндіктерінің содан уланғанына сенімді.

Ор өзенінің бойын тексеруге жергілікті балықшылардың өздері кірісті. Өйткені олар аймақтағы құзырлы мекемелерден он күненен бері балықтың жаппай қырылу себебінің анықталуын күтіп шаршаған. Белсенділердің айтуынша, су жәндіктері уланып қалған. Өйткені Ордың отыз шақырымын қара май басып жатыр. Ал оны шенеуніктер көрмегенесіп отырған көрінеді.

Александр Мандрыкин, балықшы:

-Балықтар уланып, қырылып жатыр. Орға құятын Ақсудың сағасынан бастап суда қара май қалқып жүр. Ол қайдан пайда болды? Мұны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Енді  май ағыспен жолындағы барлық жәндікті қырып келеді.

Балық инспекциясындағылар суға ешқанда май түспегенін айтады. Ең қызығы балықтар мал тезегіне тұншығып өлген. Өйткені өзен арнасынан тасыған кезде жағадағы жапаны суға ағызыпты. Күн ыссыда шіріген боқтықтан аммиак тараған.

Нұрболат Хасенов, Ақтөбе облысы бойынша балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Бүкіл қоқыс кетті бірінші. Сол лайланып кетті. Сосын күн қатты ысып кетті ғой.

Балық шаруашылығы инспекциясындағылар қанша су жәндігінің қырылғанын айта алмай отыр. Сондай-ақ, өздері айтқан амиактың да жайылған аумағы белгісіз. Ал балықшылар болса өзен сағасын жедел тазарту керектігін айтады. Тіпті сол үшін көмекке еріктілерді жинап береміз деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде