Тайландттың танымал курорттарында тағы жарылыс болды
Тайландттың танымал курорттарындағы жойқын жарылыстан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ! Бірақ еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты әлі де тексеруде. Себебі, Тайланд миллиондаған әлем туристерінің ғана емес, қазақстандықтардың да көп баратын жері. Ал соңғы екі тәулікте он шақты бомбаны іске қосқан қаскөйлер елді қиратып жатыр.
Автор: Ербол Сейілхан
12.08.2016
Алдымен бейсенбіде Пхукет аралындағы ХуаХин шипажайы қылмыскерлердің нысанасына айналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен туристер көп жүретін бірнеше ауданда бір мезетте жарылыс болып,1 адам көз жұмған. Сонымен қатар қыдыруға келген Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания азаматтарымен қоса, 30-ға тарта жергілікті тұрғын жараланды. Бұл қайғыдан ес жия алмай жатқанда бүгін СуратТхани қаласындағы шипажайда бомба іске қосылып,тағы бір турист қаза тапқан. Күдіктілердің бірін қолға түсірген полиция оның лаңкестік топтармен байланысы жоқ деп отыр. Қазір Тайландта қауіпсіздік шаралары дереу күшейтіліп, демалыс орындарына түгел күзет қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!