Астанада белгісіз ер адам Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында дарға асылып қалды
Қаланың қақ ортасында өзіне қол салған адамның өлі денесін көріп шошынған жұрт дереу полиция шақыртқан.
Автор: Ербол Сейілхан
12.08.2016
Сондықтан Қорғаныс министрлігіне тергеушілер мен криминалистер дереу жетті. Бір сағаттың ішінде айналаны тінтіп, куәгерлерден түсініктеме алып,айғақ жинады. Суицидке барған ер адамды полиция көлікке салып мәйітханаға жіберді. Енді сот-медицина сарапшылары мәйітті кесіп, өлімнің нақты себебін анықтауы тиіс. Алдын-ала мәлімет бойынша, марқұм министрліктің алдындағы ағашқа асылып өлген. Себебі, денесінен азаптау белгілері табылмапты. Қазір тәртіп сақшылары өзіне қол салған азаматтың аты-жөнін, жасын, қызметін анықтап жатыр. Әзірге оның әскери салаға қатысы бар-жоғы да белгісіз. Айта кетсек, бұл Қорғаныс министрлігінің жанында болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Былтыр ведомствоның тура қақпасының алдында полковник Арман Сыздықов көлігін қасақана жарып, ажал құшты. Лауазымды әскери артында қалдырған хатында: бұдан әрі қызметтегі қорлыққа шыдай алмайтынын, намысына тиетін сөздер айтқан бастықтарының аты-жөнін жазған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!