{metadescription}
Жойқын тайфун жапондықтардың құтын қашырды
Жойқын тайфун жапондықтардың құтын қашырды

Жойқын тайфун жапондықтардың құтын қашырды

Жапонияда жыл басынан бері соққан тоғызыншы дауыл жұртты әбігерге салуда. Табиғат апатынан 1 адам қаза тауып, 60-қа жуығы зардап шеккен.

«Mindulle» деп аталатын тайфун Хоккайдо аралын белуардан су астында қалдырды. Дүлей дауыл толассыз жауын мен сағатына 180 шақырым жылдамдықпен соққан қатты желді де ала келген. Тіпті, жүйткіген дауылдың тоқтайтын түрі жоқ. Керісінше уақыт өткен сайын күшейіп барады. Сондықтан құтқарушылар осы аралдағы 20 мың тұрғынға үйлеріңді тастап қашуыңдар деп жатыр. Табиғат апатының салдарынан электр сымдары үзіліп, 30 мыңға тарта отбасы жарықсыз қалды. Жығылғанға жұдырық болғандай, мұндағы тоғыз өзеннің арнасынан тасу қаупі үлкен болып тұр. Аймақтағы темір жол қатынасы да ішінара тоқтаған. Қазір дауыл сағатына 110 шақырым жылдамдықпен солтүстік-шығысқа қарай жылжып барады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде