Елбасы Польшадағы қазақ студенттерімен кездесті
Елбасының Варшаваға сапары жалғасып жатыр. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев поляк әріптесі Анджей Дудамен екі жақты үш келісімге қол қойды. Олар негізінен ауыл шаруашылығы саласына қатысты.
Автор: Досжан Маратұлы
23.08.2016
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Менің ойымша, экономика жағынан да, саяси жағынан да Қазақстан мен Польша бір-бірін толықтыратын мемлекет. Польшада бар тауар Қазақстанда жоқ. Қазақстанда бар тауарлар Польшада жоқ. Осы екеуін қосатын болсақ, екі мемлекетке де, екі халыққа да жұмыс орнын беретін және экономиканы өркендететін жағдай жасайды деп санаймыз.
Польша президенді де Қазақстанмен экономикалық тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Тіпті, Анждей Дуда елімізге аямай инвестиция салып, біздің нарықта поляк фирмаларының көбейгенін қалайтынын жасырмады. Ал ертең тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің бизнес-форумы өтеді. Оған еліміздің де қалталы азаматтары қатысып, құны 1 миллард доллар келісімге қол қою жоспарланған. Ал, Нұрсұлтан Назарбаев Анджей Дудамен өткен кездесуден кейін қазақстандық студенттердің де хал-жағдайын біліп қайтты.
-Поляктың тілі керек әрине, бірақ бізге сендердің білімдерің керек. –Түсінікті.- Мамандықтарың әртүрлі. Заң, экономика, қарым-қатынастар. Әр жақтан келіпсіңдер ғой. Сағындыңдар ма елді?
-Сағындық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!