{metadescription}
 Ақтауда 6 жасар қызды зорлауы мүмкін деген күдікті ұсталды
 Ақтауда 6 жасар қызды зорлауы мүмкін деген күдікті ұсталды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлауы мүмкін деген күдікті ұсталды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлауы мүмкін делінген күдікті ұсталды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған еркекті полицейлер қала маңындағы құрылыс нысандарының бірінен тауыпты.

Басты күдікті қазір тергеліп жатыр. Бірақ ол өзінің бұл қылмысқа түк қатысы жоқ екенін айтып, ант-су ішкен көрінеді. Полицейлер тағайындаған бірнеше сараптама қорытындысы шыққан соң бұл азаматтың қылмысқа қатысы бар не жоғы белгілі болмақ. Айта кетейік, күдік түсіп отырған тек бұл азамат емес: қылмыс болғалы бері тәртіп сақшылары бірнеше ер адамды ұстапты. Еске сала кетейік, оқиға 20 тамыз күні болды. 6 жасар қызды ұрлап әкеткен азамат оны қала сыртына апарып зорлап, бұталардың арасына тастап кеткен. Дәрігерлер бүлдіршінге күн өтіп кеткенін және оның зорланғанын растап отыр. Қаны көп кетіп қалған қыз бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейлер болса, педофилді Ақтаудан ғана емес, көрші облыстардан да іздестіруде. Болжам бойынша, ол қызды ДЭУ-Нексиа маркалы көлігімен алып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде