Кабулда жендеттер америкалық университетке басып кіріп, 13 студентті атып тастады
Кабулда тағы қырғын! Қару ұстаған белгісіз екеу америкалық университетке басып кіріп, 13 бірдей адамды атып тастады. Тағы 750-дей студентті таңға дейін кепілдікте ұстап отырды.
Автор: Аруна Ортай
25.08.2016
Қанды қырғын тек бүгін таңата тоқтаған. Ауған жастарына ағылшын тілінде сабақ беретін оқу орнына басып кірген екеу бастапқыда ғимараттың жартысын жарған. Содан кейін барып беталды атыс бастаған. Салдарынан 13 студент көз жұмды. Онымен қоймай, 750 адамды кепілдікте ұстап отырған. Куәгерлердің айтуынша, жендеттер оларға қоқаң-лоққы жасап, әбден қорқытқан көрінеді. Оқиға орнына жетіп барған сақшылар тек 10 сағаттан соң ғана әлгі екеуді атып салды. 40-қа жуық студент түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Абдул Хабир, оқиға куәгері :
-Бірінші қатты жарылыс болды. Одан кейін қарудан оқ жаудыра бастады. Қатты шошынып қалдым. Қосалқы есікті тауып, университеттен қашып шықтық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!