Павлодарлық полицейлер жұрттан қару-жарақтарды әлі сатып алып жатыр
Павлодардағы полицейлер заңсыз айналымда жүрген қару-жарақтарды сатып алып бітер емес. Олар соңғы жарты жылда жұрттан 14 миллион теңгеге оқ-қару саудалаған.
Автор: Әйгерім Шакаманова
25.08.2016
Тапсырылған қарулардың саны қазір 300-ден асқан. Атасынан қалған мылтықтарды естелік ретінде сақтап келгендер орнына ақша берілетінін естігенде акциядан құр қалғысы келмепті. Айта кету керек, заңсыз сақталған, бірақ қылмысқа еш қатысы жоқ қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар жауапқа тартылмайды. Ал тәртіп сақшылары арнайы сараптамалардан өткен 3 мыңға жуық оқ пен 300-ден асатын қару-жарақты енді жоюға кіріспекші.
Бақытжан Тұяқбаев, Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
-Тегіс ұңғалы қаруға 100 мыңнан аса, содан кейін екінші категорияға жататын болса 74 мыңға жобалай, үшінші категорияға жататын болса 31 мыңға қарай берілді. Ойық ұңғалыларға негізінде 74 мыңға дейін берілді адамдарға.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!