Грузиядан кайта алмай қалған қазақстандық туристер түнде елге оралуы мүмкін
Батумиға барып, кері қайта алмай қалған қазақстандық туристер бүгін елге оралуы мүмкін. Грузияға демалуға кеткен 150 адам үш күннен бері қонақ үйде қамалып отыр. Олардың рейстері аяқ асты кейінге қалдырылып, ұшақ көкке көтерілмеген.
Автор: Жәудір Оразхан
29.08.2016
Сөйтсе, туристерді тасымалдауы тиіс ұшақты құрастырған канадалық компания рейісті тоқтатуды талап етіпті. Зауыттағылар әуе кемесінен ақау тапқан көірнеді. Енді отандастарымызды елге жеткізу үшін «SkyBus» әуекомпаниясы Грузияға басқа ұшақ жібермек. Ал біздің туристер үш күннен бері түйіншектерін түйіп, күні-түні рейстерін күтіп отыр.
Людмила Голубкова, қазақстандық турист:
- Біз Қазақстанға қайту үшін 26-тамыз күні ұшаққа билет алғанбыз. Бірақ белгісіз себептермен рейсті кейінге қалдырды. Бәрімізді қонақ үйге орналастырды. Қазір ешқандай ақпарат жоқ, үш күннен бері босқа күтіп отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!