{metadescription}
Қарағанды облысында күйдіргі дерті қайта өршіді
Қарағанды облысында күйдіргі дерті қайта өршіді

Қарағанды облысында күйдіргі дерті қайта өршіді

Қарағанды облысында күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен үш адамның бірінде осы кеселдің бары расталды. Сараптама аурудың сол күні сойылған малдан жұққанын да анықтаған.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада қорасындағы бұқасын сойып етке өткізген ерлі-зайыптылар ауруханаға түскен еді. Кейін ауру белгілері сол малдың етін мүшелеген бір жігіттен де байқалып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Арнайы сараптамадан кейін күйдіргі дертін тек малдың иесі, яғни отағасы ғана жұқтырғаны анықталды. Ветинскпекция малдың еті, терісі және сойылған жердегі топырақтан алынған сынамаларда күйдіргі дертінің болғанын бүгін растады. Осыған байланысты Ақтоғай ауданындағы сол мал сойылған қыстақ ертеңнен бастап карантинге жабылатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.