{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде зағиптар әлеуметтік көмекшісіз қалды

Ақтөбеде зағиптар әлеуметтік көмекшісіз қалды

Ақтөбеде зағиптар әлеуметтік көмекшісіз қалды. Өйткені оларды жетектеп жүретіндерге бөлінетін қаржы жарты жылға жетпей біткен. Тіпті, соңғы екі айдың айлығын көмекшілерге шенеуніктер әрең тауып беріпті. Енді мүгедектердің өтінішінен соң әкімдіктегілер депутаттарға тағы ақша бөлу туралы қолқа саламыз деп отыр. Бірақ ол кезде зағиптардан көмекшілерін ертіп баратын жерлерді шектеуді талап етпекші.

Бұл ескі үйге жиналған ақтөбелік зағиптардың еңсесі екі айдан бері бір көтерілмеді. Өйткені, өздерін жетектеп жүретін көмекшілеріне әкімдік жарытып еңбекақыларын төлемеген. Айлыққа бөлген 6 млн теңге жарты жылға жетпей таусылыпты. Енді соқырлардың көмекшісіз қалатын түрі бар.

Амангелді Ешімов, Бірінші топтағы мүгедек:

-Ақша жоқ дейді. Это біріншіден оны былтыр қарау керек еді жылдың басынан аяғына шейін. 2016 жылды түгел. Енді ақша жетпей қалды деді. Қалай жетпей қалады түсінбей отырмын?

Мүгедектермен тілдесуге келген шенеуніктер депутаттардан тағы  ақша сұрағалы отырғанын жеткізді. Бірақ шығынды азайту үшін әлеуметтік қызметкерлер жетектеп баратын жерлерді зағиптардың азайтуын талап етті. Әсіресе, той-садақаға көмекшілердің жеткізуіне тыйым салмақшы. 

Нәйлә Бөртебаева, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-Той-садақаға ертіп барса оған неге ақы төлеу керек? Оған неге ақша сұрау керек. Ол деген заң бойынша мүгедекке қасындағы отбасы мүшелері көмек көрсету міндетті емес пе?

Бүгінде Ақтөбеде зағип жандардың 64-де көмекші бар. Күні-түні жанынан табылатындықтан көбі бос жүрген туыстарын таңдайды. Сондықтан олар да еңбектерінің еленбай қалатынына наразы.

Алма Жүнісова, әлеуметтік көмекші:

-Өкіметтен ақша үшін жүгірмейміз. Өзіміз үшін жүгіреміз. Бірақ мен аяқ-қолым сау, көзім көреді. Аяқ-қолым балғадай адам инвалидтің нанын жеп отырмын шынын айтқанда. Ол маған обидно. Бірақ жұмыс жасай алмаймын. Өйткені бастығыңыз жібере ма үйіңде әкең ба біреу бір жаққа апару үшін мені жарты сағатқа жіберіңізші апарып тастайын дегенге. Ешкім жібермеді.

Әкімдіктегілер қазынадан ақша бөлінер болса, көмекшілерге талапты күшейтпек. Біріншіден - күн сайын жүретін жолын айтып есеп беруі тиіс. Айналдырған 30 мың теңге үшін әлеуметтік қызметкерлер бұған да көнеміз деп отыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде