{metadescription}
0:000:00
Келісілген матч дауы жаңа қарқын ала бастады

Келісілген матч дауы жаңа қарқын ала бастады

Келісілген матч дауына жаңа қарқын ала бастады. Осыған қатысты телефондағы әңгімені өтірік деген «Ақтөбе» футбол клубының басшысы бұған басқа әріптестерін айыптап жатыр. Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы бас менеджері Асқар Ұранхаев бастаған топтың әрекеті дейді Дмитрий Васильев. Ал оларға «Қайрат» футбол клубы қолдау көрсетіп отыр екен.

Дмитрий Васильев, «Ақтөбе» ФК бас директоры:

- Бұл футболдағы ұйымдасқан қылмыстық топтың басында ҚФФ-ның бұрынғы бас менеджері Асқар Ұранхаев тұр. Оны орнынан алып тастаған кезде, сол қызметке мен отырғам. Арадағы араздыққа бұл да әсер етуі мүмкін. Дегенмен дау шығарып жүргендердің басты мақсаты – федерацияның қазіргі басшысы Ерлан Қожағапановты орнынан кетіру.

Васильевтің айтуынша, қоғам белсенділерінің осындай дау шығаруына да, олардың кеше баспасөз мәслихатын өткізуіне де «Қайрат» қаржы беріпті. Өйткені бұл клуб бірнеше жылдан бері ел чемпионы бола алмай келеді. Ал «қайраттықтар» жолы болмағаны үшін федерация басшысын кінәлайды екен. Сондықтан Қожағапановтың федерациядан кеткені алматылық клубқа да тиімді дейді Васильев. Айта кетейік, дау ғаламторда жарияланған телефон арқылы әңгімеден басталған еді. Онда шымкенттік «Ордабасы» клубының жаттықтырушысы Бақтияр Байсейітов делінген дауыс иесі Ақтөбелік клубтың бас директорымен келісілген матч туралы әңгіме қозғаған. Яғни онда Байсейітов Васильевке ойын есебі неге келіскендей болмады деп доқ көрсетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде