{metadescription}
Елімізде ауа райы тосын мінез танытқалы тұр
Елімізде ауа райы тосын мінез танытқалы тұр

Елімізде ауа райы тосын мінез танытқалы тұр

Күз биыл құбылмалы болады. Синоптиктер алдағы айларға осындай болжам жасап отыр. Осы демалыста күн жылы болғанымен, келесі аптадан бастап табиғат бірден тосын мінез танытуы мүмкін.

Яғни, еліміздің барлық аймақтарында жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына жиырма метрге дейін жетеді. Бес өңірде үсік жүріп, тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар мен Қарағанды облысында температура төмендейді деп күтілуде. Сондықтан, синоптиктер осы аймақтардың тұрғындарына жылы киімдерін дайындауға кеңес беріп отыр. Тек 20-шы қыркүйекке қарай аздап күннің көзі шығады. Ал қазан мен қарашада қайта жаңбырлы күндер басталады. Тіпті қар түсіп, көк тайғақ болуы мүмкін дейді мамандар.

Гүлмира Ақышева, «Қазгидромет» РМК бөлім басшысы:

- Үшінші он күндікке келетін болсақ, үшінші он күндіктің басында және соңында суықтық байқалынады. Бұл кезде жаңбырдың суығы қарға ұласуы мүмкін. Бірақ ұзақ мерзімді болжамдар уақыты келе, яғни синоптикалық процестердің өзгеруіне байланысты он күндік, қысқа мерзімдік болжамдарды нақтылп, түзетіп отырамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде