Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған әскери бөлімнің бұрынғы қызметкерлері күдікті ретінде тергеліп жатыр
Ақтөбеде содырлар шабуыл жасаған әскери бөлімнің бұрынғы қызметкерлері күдікті ретінде тергеліп жатыр. Сол кездегі штаб бастығының қос көмекшісіне дер кезінде радикалдарға қарсы әрекет етпеді деген айып тағылған. Дегенмен, мұнымен күдіктінің бірі –майор Қайнар Тастанбеков келіспейді. Себебі, сол күні кезекшілікте болған ол құзырлы органдарға хабар беріп, жауынгерлерді аман алып қалған екен. Тіпті содырларға қарсы оқ атып бетін қайтарыпты. Енді күдікке ілінген офицер атыс кезінде тірі қалғанына күйініп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.09.2016
-Бесі күні осы әскери бөлімде осы воротада автобуспен кірген террористер. Қанды оқиға осы жерде болды.
Содырлар салған сойқанның ортасында болған офицер қазір тірі қалғанына күйініп жүр. Әскери прокуратурадағылар Қайнар Тастанбековты осыдан үш ай бұрын радикалдарға қарсы әрекет етпеді деп күдікке алған. Бұған ашынған майор керсінше жауынгерлерді аман алып қалғанын айтады. Құзырлы мекемелерге хабар беріп қана қоймай, лаңкестерге тапаншамен қарсы тұрыпты. Оның қызметіне салғырт қарамағанын бұған дейін тергеу жүргізген Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер де растаған.
Қайнар Тастанбеков, 6655 әскери бөлімінің бұрынғы қызметкері:
-Бәріне оповещение жасап, жүгіріп жүріп оқтың астынан екі солдатты алып шығып, инструкция бойынша бәрін істеп дегеніме рахметін де айтпай-ақ қойсын. Просты мына жерде айналдырып алып келіп кінәлі қылып отырғанына ішім ашиды.
Әскери бөлімде лаңкестер салған ылаңнан соң басшылық түгел ауысқан. Ал штаб бастығының аға көмекшісі Қайнар Тастанбековпен келісім-шартты үзіпті. Енді жұмыссыз қалған офицер жүкті әйелімен жалға алған пәтерінде тұрып жатыр. Үш айдан бері айлық көрмеген отбасы тұрмыстың тауқыметіне шыдағанымен, әділетсіздікке төзе алмайтындарын айтады.
Мәдина Тастанбекова, Қ. Тастанбековтың жұбайы:
-Үш ай болды міне, қиын жағдайымыз. Положением осы екіншісін күтіп жүрміз. Қазақта айтады ғо шаш ал десе бас алып, солардың құрбаны болып кете ме деп қорқамын.
№6655 әскери бөлімнің майоры Қайнар Тастанбеков пен оның әріптестеріне қатысты іспен Ақтөбе гарнизонындағы әскери прокуратура айналысып жатыр. Бірақ ондағылар бұған қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартты. Тергеудің қашанға дейін созылатыны да белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!