{metadescription}
0:000:00
Таразда бірыңғай мектеп формасы үлкен жанжалға себеп болды

Таразда бірыңғай мектеп формасы үлкен жанжалға себеп болды

Ал Таразда бүтін бір мектепте бірыңғай мектеп формасы дайын болмай, оқушылар киім таппай тентіреп қалды. Шәкірттердің бір келкі киімнен қағылуына тігіншінің тапсырысты уақытылы орындамауы себеп. Ақшасын ала тұра, ісіне жауапсыз қараған оны енді ата-аналар сотқа сүйремек. Ал, білім ошағының басшысы жағдайға қатысым жоқ деп ат тонын ала қашты.   

Оқу жылы басталысымен білім ошағы осылай дауға ілікті. Биыл №32 мектептің оқушыларына бірыңғай форма берілген жоқ. Сол себепті шәкірттер кешегі білім күніне әртүрлі киім киюге мәжбүр болған. Бұл жағдай ата- ананың наразылығын туғызды.

Директор әу баста бірыңғай форманы тігетін мердігерді өзі таңдап, тек соның өнімін алуды міндеттеген көрінеді. Сөйтіп, жалпы саны 450-ге жуық баланың әрқайсысынан 14800 теңгеден жиналып, ақша тапсырыс алушыға түгел табысталған.

Кей ата-ана мектеп формасы кешіккендіктен, балаларына киімге тағы шығындалуда. Директор, жағдайға мердігерді айыптап отыр. Фирманы ата-ананың өздері таңдап, өздері келіскен дейді. Ал, ашуға мінген көпшілік, ай-шайға қарайтын түрі жоқ. Мердігердің жағасына жабысып, ол көлігіне жасырынып әзер құтылды. Фирма өкілі форманың кешігуін дайын өнімнің шекарада тұрып қалуымен түсіндіруде. Сөзіне сенсек енді екі аптада тауар жеткізілмек.  

Жайна Садықова, Кәсіпкер:

-Бұл тауарға мен жауап беремін. Жауапкершіліктен қашып тұрғам жоқ. Тек уақыт сұрап отырмын. Екі жетіде әкелемін барлығына үлестіріп беремін. Жетпей қалғандарына қаржыны қайтарамын. Алдап кетсем, құзырлы орынға шағымдансын.

Киімсіз қалған оқушыларға жығылған үстіне жұдырық. Өйткені 32-ші  мектептің шәкірттері білім ошағындағы күрделі жөндеу жұмысының аяқталмауына байланысты, 7-ші мектеппен біріктірілген. Енді кабинет жетіспей, балалар дәлізде білім алуға мәжбүр.  

Жақсыгүл Әбіралиева, Тараз қаласының тұрғыны:

-Бір кабинетте екі класстан отыр. Сиыспай жатыр. Ала жаздай ремонт жасамай енді мінекей.

Қолайсыздық тек осы мектепте болып жатқан жоқ. Тараздағы 5 білім ошағында әлі күрделі жөндеу жүріп жатыр. Соның кесірінен шәкірттер әр мектепке тарыдай шашылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде