{metadescription}
Өзбекстан Ислам Кәрімовты жерлеуге әзірленіп жатыр
Өзбекстан Ислам Кәрімовты жерлеуге әзірленіп жатыр

Өзбекстан Ислам Кәрімовты жерлеуге әзірленіп жатыр

Өзбекстан шынында да президентсіз қалған сынды. Елді 27  жылдан астам уақыт басқарған Ислам Кәрімовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтулар басталды. Бүгін Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым үкімет отырысында өзбек басшысының қазасына ортақ екенін жеткізіпті. Бұл туралы бірқатар ақпарат құралдары жарыса хабарлап жатыр. 

Рейтерс те бүгін осындай мәлімет жариялады. Агенттік жәй ғана ақпарат көздеріне емес, дипломатиялық каналдарға сілтеме жасаған. Жергілікті өзбек басылымдары тіпті бүгін Ислам Абдуғаниұлын туған жері Самарқандта  ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне дайындық жүріп жатыр деп жазуда. Президенттің қазасы туралы бүгін түнде жарияланып, ертең жерленетін көрінеді. Десе де ресми Ташкент әлі үнсіз. Бүгін Өзбекстанның Министрлер кабинеті тек президенттің жағдайы күрт нашарлағанын жариялады. 78  жастағы өзбек басшысы өткен сенбіде миына қан құйылып, аруханаға жеткізілген болатын. Ал Кәрімовтың ендігі мұрагері ретінде премьер-министрдің аты аталуда. Шавкат Мирзяевты өзбек халқы да, шет мемлекеттер де қолдайды екен. Кәрімовтың атышулы қыздары болса, биліктен бұратала шеттеген сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде