{metadescription}
Астанада Ерасыл Әубәкіровтың жантүршігерлік өліміне қатысты сотта дау туды
Астанада Ерасыл Әубәкіровтың жантүршігерлік өліміне қатысты сотта дау туды

Астанада Ерасыл Әубәкіровтың жантүршігерлік өліміне қатысты сотта дау туды

Адвокаттар Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сотқа Аян Мейірбаевтың кім ретінде қатысатынын айтпай отыр. Өскемендік кәсіпкердің ұлы «студентті өлтіруге тапсырыс берді» деген күдікпен ұсталып, кейін тергеу аяқталмай жатып-ақ босатылған еді.

Атышулы процестің өзі алдағы сәрсенбіде басталмақ. Әрі отырыс жабық өтеді. Алдын ала тыңдауға қазірдің өзінде Ерасылдың ата-анасы да кіре алмай жүр. Естеріңізге салсақ, ақпан айында Елордадағы медицина университетінің 5-ші курс сутдентін азаптап өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталған. Бірақ «тапсырыс беруші» деп айыпталған Аян Мейірбаевты полицейлер кейін босатты. Студенттің обай таяқ жеген видоетаспасы да тергеушілерге дәйек бола алмаса керек. Сондықтан, Мейірбаев Өскемендегі кәсіпкер әкесімен бірге сотқа тек жәбірленуші ретінде қатыспақ. Қазір үш күдікті - Андрей Тихенко, Виталий Шерстенев пен Нұрбек Әжімбай әлі абақтыда отыр. Оларға «қылмыстық топ құрды», «зорлық көрсетті», «адам өлтірді» деген бірнеше бап бойынша айып тағылған. Сот жабық болғанымен, алқабилердің қатысуымен өтетінін айта кетейік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде