Астанада шетелдің танымал хирургтары жұртқа ем көрсетіп жатыр
Шетелдің танымал хирургтары Астанаға өздері келіп, аса ауыр операцияларды жасап жатыр. Сырқаттанып қалған елорда тұрғындарына шекара асып, ем іздеудің енді қажеті жоқ. Президенттің іс басқармасына қарасты ауруханада халықаралық деңгейдегі білікті дәрігерлер күн сайын ем көрсетуде.
Автор: Жәудір Оразхан
05.09.2016
Ғалия Түсіпбекова, Президент іс басқарамсы медициналық орталығының бөлім басшысы:
-Ай сайын нейрохирургтар келеді Австриядан, Кореядан. Біздің дәрігерлермен бірге операция жүргізіп, мастер-класстар өткізеді. Прибалтиканың көз дәрігері біздің штатымызда. Мың жерден біздің клиникамыз басқа клиникалардан алға кетіп қалса да бағаны көтере алмаймыз. Бәрібір халқымыздың жағдайына қараймыз.
Бұдан бөлек аурухана ең соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған. Және науқастарға тек жоғары санатты ақ халаттылар қызмет көрсетеді. Медициналық орталықтың өзге де мүмкіндіктерін жұрт танып-білу үшін арнайы ашық есік күні ұйымдастырылды. Келушілердің қарасы көп. Тұрғындар күні бойы тегін кеңес алды. Әсіресе көз дәрігері, травматолог, кардиологқа ұзын-сонар кезек. Жалпы азаматтарға мұнда кез-келген күні келіп, ақылы түрде кешенді тексеруден өтуге, емделуіне болады. Еліміздегі жүрек, көз, бүйрекке күрделі оталар да дәл осы орталықта жасалады.
Cәбит Әлімбетов, Астана қаласының тұрғыны:
-Мамандары өте жақсы енді. Дәрігер бірінші қандай дәрілер ішетінімді сұрап алды, одан кейін бір жыл болыпты өтпегеніме, жүректің ұрысын тексеретін, соны міндетті түрде өтіп, мына кісіге қайтып келуім керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!