Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек
Алматы облысында бір көзі көруден қалған бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұр. Екі жасар Кәусар Байсейітованың сол жанарының қарашығы ағарып, кейін ретинобластома диагнозы қойылыпты. Дер кезінде тиісті емнің жасалмауынан қатерлі ісік ұлғая түсуде.
Автор: Олжас Байжан
05.09.2016
Жарты жыл бұрын көзін уқалап, мазасыздана бастаған Кәусарды дәрігерлерге көрсеткен ата-анасы қазірге дейін маза таппай жүр. Себебі, сол кезден бері қыздарының бір көзі мүлдем көрмей қалған. Отандық дәрігерлердің барлығы көзді ота арқылы алып тастаудан басқа амал жоқ деген шешім шығарыпты. Ал Түркия ауруханасында ем жүргізіп көргенімен, нәтиже болмаған. Уақытты жіберіп алған ата-ананың соңғы үміті Германия клиникасында. Ондағылар енді көзді қалпына келтіре алмаса да, ота жасап, ісікті қайтару үшін химиятерапия жүргізуге дайын екен. Бірақ ол үшін кемі 8 млн теңге қажет. 7 балалы отбасының бұндай қаржысы жоқ. Сондықтан олар қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.
Азамат Байсейітов, Кәусардың әкесі:
– Метостазалар пайда болған. Сондықтан баланың өміріне қауіп төндіріп тұр оның барлығы. Сондықтан олар осындай шешімге келіп отыр. Өздерінің счеттарын выставлять етті. Ақшаны төлеген соң олар операция жасайды.
Қол ұшын созамын деушілерге: Кәусардың әкесі +7 701 777 15 56
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!