Бразилия халқы жаңа президентіне қарсы шығып, орнын босатуын талап етті
Бразилия халқы жаңа президентін қабылдамай жатыр. Сан-Паулу қаласының 10 мыңға тарта тұрғыны президент Мишель Темердің орнын босатуын талап етіп, көшеге шықты.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.09.2016
Өткен аптада президент Дилма Русефтің отставкаға кетуіне Сенат бірауыздан дауыс берген болатын. Енді оның президенттік мерзімі аяқталғанша, яғни, 2018 жылдың соңына дейін Бразилияны Мишель Темер басқармақ. Алайда, оның ант қабылдауы сол екен, Сан-Паулу қаласының тұрғындары өре түргелді. Олардың пікірінше, жаңа президент ел бюджетіндегі тапшылықты жою үшін түбегейлі экономикалық өзгерістер жасауы мүмкін. Ал бұл халықтың әлеуметтік жағдайына кері әсер етуі мүмкін дейді наразы халық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!