Германия канцлерінің партиясы жеңіліс тапты
Германия канцлерінің партиясы жеңіліс тапты! Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде өткен аймақтық сайлауда Ангела Меркельдің жақтастары үшінші орынға әзер іліккен. Осылайша, консервативтік Христиан-демократиялық одағы Социал-демократтар мен мигранттарға қарсы «Альтернатива» партиясының артында қалды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
05.09.2016
Сайлау нәтижесі бойынша, канцлердің партиясы небәрі 19 пайыз дауыс жинаған. Бұл - христиан-демократиялық одағының Мекленбург-Алдыңғы Померания аймағындағы ең төменгі көрсеткіші екен. Ал, көпшіліктің қолдауына «Социал-демократтар» ие болған. Олар 30,5 пайыз дауыспен тізімді бастап тұр. Ал, екінші орынды 21 пайыз халықтың қолдауымен келімсектерге қарсы партия алды. Дәл осы саяси дода Германияда келер жылы өтетін парламент сайлауына дайындық ретінде бағаланып отыр. Сондықтан, бұл көрсеткіш - Ангела Меркельдің канцлерлік қызметінің аяқталуына жасалған қадам болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!