{metadescription}
0:000:00
Атырауда 100-ден астам адамға қара жұмыс істеткен компания жалақы төлемей жұмысшыларды қуып жатыр

Атырауда 100-ден астам адамға қара жұмыс істеткен компания жалақы төлемей жұмысшыларды қуып жатыр

Атырау облысында Теңіз кен орнындағы жұмысшылар наразылық білдіріп жатыр. Осындағы зауытта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген «Live Trans» компаниясы бір айға жалдаған 100-ден астам адамның еңбекақысын бермепті. Тек жұмыстың біткенін айтып, үйлеріңе қайта беріңдер деген. Бірақ зауыт аумағынан шығып кетсек, соқыр тиынсыз қаламыз деп қауіптенеді жұмысшылар.

«Теңізшевройлға» қарасты зауытты күрделі жөндеуден өткізген мына жігіттер жоспарланған істі мерзімнен бұрын бітіріпті. Ал 30 күн үшін әжептеуір қаржы береміз деп жалдаған «Live Trans-тағылар» сөзінде тұрмаған. Қолдарына мөр басылмаған не қол қойылмаған келісім-шартты ұстатып, үйлеріне қуып жатыр.

Нұрлан Қалдығарин, жұмысшы:

-Печаттарыңды неге соқпайсыңдар, мынау не зат десек, а мы забыли дейді, ал не зат ол, ол жауап па забыли деген. Сол қырғын халықты забыли деп жүре ма?

Асылбек Ерғалиев, жұмысшы:

-Бізге ақшамызды берсін де жіберсін, жұмыс істегіміз келмейді уже шынын айтсақ, уланып жатқан жігіттер бар, ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ, реанимацияға түсіп жатыр, сера жұтып.

Тараз , Орал, Ақтау және Ақтөбеден келген жігіттер осы уақытша жұмысқа арнайы агенттіктер арқылы ақша төлеп кірген. Ал 40 градус ыстықта қазандықтың ішін тазалап, қиын жұмысты атқарған бұларға басшылары келісім-шартсыз да ақша төленеді деп сендірмек болды.

Бірақ бұл уәдеге жұмысшылардың сенгісі жоқ. Маңдай тер ақыларын алу үшін олар еңбек инспекциясына шағымын айтыпты. Ондағылар енді ғана бұл жайтты тексеру үшін кен орнына мамандарын жіберген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде