{metadescription}
0:000:00
Алматыда тауға шыққан саяхатшы ізім-ғайым жоғалып кетті

Алматыда тауға шыққан саяхатшы ізім-ғайым жоғалып кетті

Алматыда тауға саяхаттап барған турист ізім-ғайым жоғалып кетті! Александр Назарукті құтқарушылар кешеден бері таба алар емес.

Хабар-ошарсыз кеткен саяхатшы тауға 2 досымен барған. Алайда, Үлкен Алматы шыңына шыққандардың қайтар тұста жолдары бөлініпті. Яғни, Александр Назарук жолды қысқартпақ болып, басқа бағытпен кеткен. Сөйтіп, туристер уағдаласқан жерде кездеспек болады. Алайда, барған жолымен қайтқан екеу аман-есен оралғанымен, Александрдан сол күйі хабар жоқ. Осылайша, тау қызықтауға барамын деп досынан көз жазып қалғандар бірден құтқарушыларға хабарласқан. Жедел-құтқару жасағы саяхатшыны түннен бері Үлкен Алматы шыңының жан-жағынан іздеп жатыр. Әсіресе, Александр жерге түспек болған бағыт жіті тексерілуде. Алайда, әзірге еш нәтиже болмай тұр.

Юрий Буржинский, ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары:

-Жоғалған саяхатшы туралы ақпарат кеше түнгі 10-да түсті. Оқиға орнына бірден құтқарушылар жіберілді. Алайда, әзірге оны таба алар емеспіз. Саяхатшыдан ешқандай із де, белгі де жоқ. Іздеу шараларына тікұшақты қосу үшін тұман кедергі болып тұр. Сондықтан, құтқарушылар жұмысқа жаяулатып кіріскен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде