{metadescription}
0:000:00
Қытайға тасымалданатын мұнай көлемі үш есеге дейін артуы мүмкін

Қытайға тасымалданатын мұнай көлемі үш есеге дейін артуы мүмкін

Қытайдың алпауыт компаниялары Қазақстан нарығына қаржы құюға ниетті. Ал Астана көрші елге ауыл шаруашылық өнімдері экспортын ұлғайтуды көздеп отыр. Ханчжоуда өтіп жатқан үлкен жиырмалық саммитіне қатысқан Елбасы бұл сапардың ел экономикасы үшін өте маңызды болғанын атап өтті. 

Ал әлем экономикасының 85 пайызын уысында ұстап отырған 20 елдің басшылары екі күн бойы экономикалық дағдарыстан шығу жолдары, заңсыз қаржы айналымы мен жемқорлыққа қарсы әрекет ету, қолды болған мемлекеттік активтерді елге қайтару, сондай-ақ, ғаламтор желісінің қолданыс ауқымын ұлғайту мәселелері талқылады. Қазақстан басшысы бұл саммитке қонақ ретінде шақырылған болатын. Десе де, Назарбаев жиынан бөлік Қытай басшысымен кездесіп, бірқатар келісімдер жасап үлгерді. Мәселен, алдағы 5 жылда Қазақстан аумағында Қытаймен бірлескен 5 кәсіпорын салу жоспарланып отыр. Екіжақты келісімге сәйкес, Қытайға мұнай тасымалын 7-ден 20 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бұл елге алғаш рет бидай, басқа да дәнді-дақылдар және ет пен құс етін жеткізу туралы келісім жасалған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-500 мың немесе 1 миллион тоннаға жақын астықты Қытайға шығаратын болсақ, біздің ауыл шаруашылығы компаниялары үшін бұл өте пайдалы. Инфрақұрылым, жол салу мәселесі, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда жүріп жатыр, тұрғын үй салу мәселесі. Соның барлығына қаржыландыруға Қытай компаниялары, Қытай банктері өз үлесін қосып, бізге үлкен көмек жасайтын болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде