Суицид жасамақ болған қызды құтқарудың орнына ұялы телефонға түсіріп, мазақ қылған
Өскеменде көпірден секіргелі тұрған ер адамды бейнетаспаға түсірген бір топ қыздың қылығы жұрттың жағасын ұстатты. Жасөспірімдер өзіне қол салмақ болған азаматқа көмек беруге асықпай, қайғылы оқиғаны ұялы телефондарына түсіріп үлгеруге тырысқан.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
06.09.2016
Бейнероликте қыздар баз кешкен адамды мазақтап, біраз уақыт қылжақтап тұрған. Өмірімен қоштасқысы келген кісінің бұл пиғылын ойынға балаған куәгерлер оған мән бермепті. Кейін көпірдің жақтауынан аттаған оны бір топ жігіт бергі бетке көтеріп шығарды. Ал қыздардың бұл қылығы адамгершілікке жатпағаны былай тұрсын, тіпті олар қылмыстық бап бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!