Жезқазған маңына аман-есен қонған ғарышкерлерге бірден қарбыз берілді
Жезқазған маңына «Союз ТМА – 20 М» ғарыш кемесінің экипажы аман-есен қонды. Ғарышта 172 тәулік өткізген ресейлік Алексей Овчинин мен Олег Скрипочко, НАСА асторонавты Джеффри Уильямс қарбыздың дәмін сағынып қалыпты.
Автор: Саят Сабдалы
07.09.2016
Сондықтан капсуладан шығысымен есеңгіреген ғарышкерлерге қарбыз берілді. Эипаж Халықаралық ғарыш станциясында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, түрлі тәжірибелер жасаған. Сонымен қатар, станцияға жүк кемелелері арқылы жеткізіліп тұратын құрылғыларды қабылдаумен де айналысқан. Ең қызығы ғарышкерлер ұшқан осы ТМА-М сериялы кемесі ғарышқа соңғы рет жіберіліп отыр. Бұдан былай Байқоңырдан тек жаңа үлгідегі кемелер ұшырылмақ. Ал ғарышкерлер Қарағанды әуежайына жеткізіліп, әдеттегісінше бір-бір қазақы шапанды жамылып, елдеріне аттанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!