Оралда 350 млн теңге жымқырған бұрынғы қаржы полициясының қызметкері сотталды
Оралда 350 млн теңге жымқырған Қаржы полициясының бұрынғы қызметкері сотталды. 7 жылын абақтыда өткізетін болды.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
07.09.2016
2011 жылы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде қызмет етіп жүргенде Бәкір Кәрімовке қастандық жасалған болатын. 4 оқтың екеуі басына тиіп, ажал аузынан қалды. Бұны қызмет бабымен байланыстырған Кәрімов кейін өз еркімен жұмыстан кеткен. Бірақ бірден «ЖайықЖылуЭнерго» коммуналдық мекемесінде мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы боп жайғасыпты. Ақшаны да сонда жүріп жымқырған. Яғни, ресейлік фирмадан 350 млн теңгенің газ құбырларын сатып алу туралы келісім-шарт жасасып, соманы толығымен солардың есебіне аударады. Кейін мұндай фирманың мүлдем тіркелмегені анықталған. Қаржы полициясында жүріп, қаржылық құйтырқылықтардың небір түрін үйренген Кәрімов енді 7 жылын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!