ОҚО-да кезекті той кортежі жұрттың мазасын қашырды
Оңтүстік Қазақстанда кезекті той кортежі тұрғындардың мазасын қашырды. Шымкент пен Төле би ауданын жалғап жатқан тар жолда тізбектелген көліктер жоғары жылдамдықпен жүйткіп, тіпті жолай өткен машиналардың жүргізушілерін қарумен қорқытыпты.
Автор: Бек Әбиев
07.09.2016
Беліне дейін көліктен шығып алып даурыққан жастар тек арнайы қызметтік көліктерде болатын дабылдармен жүр. Ирелеңдеп, тіпті жолдың қарсы бетіне де шығып кетіп жатыр. Олардан шошыған автокөлік жүргізушілері шетке тоқтап, жол беруге мәжбүр. Артында келе жатқан өзге машиналарға жол бермей, әуреге түсірген оларды қазір полиция іздестіруде. Ұсталған жағдайда ірі көлемдегі айыппұл күтіп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!