{metadescription}
0:000:00
Құрылысшылардың кесірінен медициналық көмектен қағылған жұрт шу шығарды

Құрылысшылардың кесірінен медициналық көмектен қағылған жұрт шу шығарды

Науқасы көп, кезегі ұзын-сонар. Алматы іргесіндегі Қошмамбет ауылының тұрғындары жөні түзу медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр. Негізі, елді-мекенде су жаңа амбулатория бар. Бірақ мемлекеттің миллиондарына тұрғызылған сол ғимарат жыл өтпей апатты деп танылған. Қақыраған қабырға, отырылған еден үшін әлі жауап берген ешкім жоқ. Ал ауылдың науқастары енді екі бөлмелі үйде ем қабылдауға мәжбүр.

Қошмамбет ауылының тұрғындары басы ауырып, балтыры сыздаса ауруханаға емес мына шағын үйде орналасқан медициналық орталыққа тура жол тартады. Орталық деген аты ғана болмаса, іс жүзіндегі жағдай мүлдем өзге. Себебі, 7 мың тұрғынды 8 дәрігер екі тар бөлмеде қабылдайды. Оның бірі егу жұмыстарына арналса, екіншісінде науқастар тексеруден өтеді. 

Ем іздеп келгендер тар жерде ауруын асқындырғаннан басқа нәтиже көрмедік деп отыр. Себебі қуықтай жерде науқастың денсаулығын тексеруді айтпағанда, дәрігерлердің өзі айналып жүре алмайды.

Гүлшахра Шәмилова, Қошмамбет ауылының тұрғыны:

Ешқандай условия жоқ бұл жерде. Жүрегіміз ауырады, зорға алдым уколды, отырып алдым қазір ғана. Адам көп келеді, мына жер тар. Үш адамнан артық отырғызбайды ғой бұл жерде. Күтеміз азаннан кешке дейін, отырамыз. 

Әсия Нұрқалиева, Қошмамбет ауылының тұрғыны:

Ертеңгісін келсеңіздер мына жерде есіктен де кіре алмайсыздар. Беременный женщиналар да келеді, балалар да толып келеді, ауру балалар.

Дәрігерлер жаз бойы науқастарды мектепте емдеп, оқу жылы басталған соң ескі медпунктке көшіпті. Айта кетерлігі былтыр ғана ауылда жаңа амбулатория салынған. Бірақ бірнеше айдан соң қабырғасы қақырап, тексерістен соң ғимарат апатты деп танылыпты.

Рысқали Жайлауов, Қошмамбет ауылының тұрғыны

Сыртынан қарасаң ондай амбулатория еш жерде жоқ. Жақсы материалдармен салынған. Ішін көрсеңіздер малдың қорасындай. Жарамайды, адамды апаруға болмайды. Салынған жері болото, көлдің табаны болған. Сол үшін жер шөгіп жатыр. 

Аудан басшылығы ауыл ішінен жалға алуға болатын нысан іздестіріп көрген екен. Бірақ бірі санитарлық талапқа сай келмесе, екіншісінің орналасқан жері ыңғайсыз болыпты. Дегенмен, жөндеу жұмыстары жақын арада басталады деп сендіруде олар. Яғни, мемлекеттің миллиондарына салынған нысан, пайдаланылмай жатып қайтадан қыруар қаржыға жөнделуі тиіс.

Бауыржан Сауранбаев, Қарасай аудандық орталық аурухана директорының орынбасары:

Ақшасы бөлінді дренаж жасауға, апатты жағдайды қалпына келтіруге. Сыртқы керегелерінің барлығы бүтін. Ішкі бөліп тұрған керегешелер ауыстырылады. Оның жобасы жасалған, жұмыс жүріп жатыр. Енді кішкене уақыт керек болып тұр. 

Жөндеу жұмыстары бүгін басталғанның өзінде ол биыл бітпесі анық. Сондықтан қошмамбеттіктерге әлі біраз ұзын-сонар кезекте тұруға тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде